Жаңалықтар тізбегі
0

Астана медициналық университетінің 117 студенті оқудан шығарылды

www.24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2018 15:49 www.24.kz
Магистратура немесе докторантураға түсемін дегендерге IELTS сертификаты емтихан кезінде басымдық береді.

«Астана» университетіне түсу үшін IELTS сертификатын сатып алған студенттер оқудан шығарылды. Естеріңізге салайық, былтыр күзде емтиханды өз күшімен тапсырғандар арызданып, бұл іс бойынша тексеріс жүргізілген еді. Соның нәтижесінде ағылшын тілі емтиханы бойынша 117 тіркелмеген сертификат анықталды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Магистратура немесе докторантураға түсемін дегендерге IELTS сертификаты емтихан кезінде басымдық береді. Сол себепті болар, былтыр көп адам бұл құжатты сатып алып, жарасын жеңілдеткісі келді. Алайда барлық сынақтан өз күшімен өткендер қалыптасқан жағдаймен келіспеді. Студенттер бұл мәселеге қоғам назарын барынша аударуға тырысты. Нәтижесінде Білім және ғылым министрлігі тексеріс жүргізіп, базада тіркелмеген 117 сертификат бар екендігін анықтады.

Франц Галицкий, «Астана медициналық университеті» АҚ ректорының орынбасары: – Білім және ғылым министрлігінің комиссиясы екі рет тексеріс жүргізді. Басында біз 33 баланы шығардық. Жақында тағы 84 студент оқудан шеттетілді. Енді бұл азаматтар олардың оқуына жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс. Олардың көбі грантта оқыды. Тек 9 адам ғана оқуына өзі төледі.

Бұл оқиғаны тергеу қалалық ішкі істер департаментіне жүктелді. Нәтижесінде 117 қылмыстық іс қозғалды. Оның 30-ы сотқа жіберілді.

Болат Пазылов, Сарыарқа аудандық №2 сотының судьясы: – 385-баптың 3-тарауы, яғни жалған құжатты пайдалану санкциясы бойынша 300 айлық есептік көрсеткіш айыппұл жазасы тағайындалады. Сонымен қатар қамауға алу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту да қарастырылған.

Оқудан шығып қалған студенттердің орны қазір бос. Енді емтиханды өз күшімен тапсырғандар осы гранттарды иеленуге үмітті.

Франц Галицкий, «Астана медициналық университеті» АҚ ректорының орынбасары: – Өкінішке қарай, біз бұл түйіткілді өз бетімізбен шеше алмаймыз. Ол үшін Білім және ғылым министрлігі бірқатар құжатты реттеу керек. Соның негізінде біз ақша төлеп оқып жатқандарды осы бос орындарға ауыстырамыз.

Жалған сертификат сатып алған студенттің бәрі оқудан күзде шығарылуы тиіс еді. Бірақ соттың бұл шешімі уақытылы орындалмаған. Мұндай жағдайда медицина мамандарын даярлайтын оқу ордасы лицензиясынан айырылуы да мүмкін.

Авторлары: Дариға Ташенова, Сабина Торгаева, Аят Дусембаев, Ержан Рахманбердиев

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: