Жаңалықтар тізбегі
0

Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартқан

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2018 15:31 Сурет: zakon.kz
Қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр.

Маңғыстау облысында жұқпалы аурудың алдын-алу мақсатында осы кеселдің 21 түріне вакцина салу тегін жүргізіледіп. Алайда, жыл басынан бері өңірде 1 067 адам екпеден бас тартқан, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жоспарлы иммунизациялауды жүргізудің арқасында соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында жұқпалы аурулар - оба, іш сүзегі, дифтерия, сіріспе, полиомиелит сияқты індеттер тіркелмеген. Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Жұмажанованың айтуынша, соңғы уақытта вакцинаға қатысты кертартпа пікірлердің салдарынан ата-аналар екпе салудан бас тартып жатыр.

«Бұл қауесетті растамаймын. Өңірде вакцинаның кері әсері тіркелген жоқ. Сондықтан барлық Маңғыстау тұрғындарын, барлық жастағы адамдарды ұлттық күнтізбе бойынша екпелерді уақтылы алып отыруға шақырамын», - дейді Әлия Жұмажанова.

Айта кетейік, қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр. Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мәліметте вакцинацияға сенбейтіндер саны 12 700 адамға жеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: