Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр

Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 13:48 Сурет: pixabay
Маңғыстауда қызылшаға қарсы жаппай иммундау шарасына Үкімет резервінен 208 млн теңге бөлінді. Қазір аймақта қосымша жаппай иммундау науқаны жүріп жатыр.

Бүгінге дейін 38 мыңнан астам адам егілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Вакцина алғандардың қатарында 6 айдан 10 айға дейінгі, 2 мен 4 жас аралығы және 1 жастан 18 жасқа дейінгі балалар бар.

Сондай-ақ, облыстағы медицина қызметкерлері толықтай егілген.

Енді қосымша иммундау науқанында 72 мыңнан астам тұрғынды қамту жоспарларланған.

Ал, ел бойынша бүгінде 930 мыңға жуық адам вакцина алып үлгерді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: