Маңғыстауда 7 сейсмикалық станция орнатылады

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение, подземные толчки, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.10.2025 15:30 Фото: wikimedia/Petr Brož (Czech Academy of Science)
Маңғыстауда 7 сейсмикалық станция орнатылады. Соған байланысты қазір мамандар аймақта сейсмикалық және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыста Аққұдық ауылынан бастап Бозашы түбегіне дейінгі аумақ 6 және 7 балдық жерасты дүмпуі болуы мүмкін қатерлі аймаққа жатады.

Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының мамандары осы аралықта орналасқан ауылдық елді мекендерде жерасты қозғалыстарын арнайы құрылғыға жазып, зерттеуде. Сол жұмыстардың нәтижесінде сейсмикалық станцияларды қоятын орындар анықталады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, өңірде тамыз айында 2 балдық жер сілкінісі, ал қыркүйекте Каспий теңізінде 4 балдық жер асты дүмпуі тіркелді.

Маңғыстау өңірінде соңғы уақыттарда сейсмикалық кейбір әлсін-әлсін оқиғалар тіркеліп жатыр. Бұл станциялар эпицентрі 4 мың км-ге дейінгі радиустағы жер қозғалысын тіркейді. Ол Каспий теңізінің ортасында болсын, Түрікменстанда болсын, Өзбекстанда болсын, көрші Қызылорда, Атырау облыстарында болған сілкіністің бәрін тіркейтін аппарат. Шолпан Құлбекова, ҚР ТЖМ Ұлттық сейсмикалық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының маманы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: