Маңғыстауда 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Маңғыстауда қызылша жұқтырғандардың саны республикалық көрсеткіштен асып кетті. Қазір аймақта 380-нен астам науқас бар. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 2,5 % - ға жоғары.
Облыста 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бүлдіршіндердің дерті асқынған.
Дәрігерлер оларға қажетті медициналық көмекті көрсетіп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Тағы 100-ден аса адам ауруханаларда емделуде. Көпшілігі - бала.
Сондай-ақ, 3 жүкті әйел бар. Ал одан бөлек 300-ге жуық тұрғын үйде ем қабылдауда.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, аймақта инфекция ошағы пайда болған жағдайда вакцина қоры жеткілікті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript