Алматыда педагогикалық-психологиялық түзету орталығы ашылады

www.zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2018 23:43 www.zakon.kz
Коррекциялық кабинет «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының базасынан алғаш рет пайдалануға берілмек.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Дара» педагогикалық-психологиялық орталығы ашылады, деп хабарлайды zakon.kz оқу орнының Баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Коррекциялық кабинет «Дара» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орнының базасынан алғаш рет пайдалануға берілмек.

Мақсат – еліміздегі арнайы және инклюзивті білім беруді институтционалды қолдау және Дефектология мамандығында оқитын студенттер мен магистранттарды практикалық, ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру.

Бұл орталық мүмкіндігі шектеулі балалардың адамгершілік, еңбексүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, олардың өмірге деген құштарлық сезімдерін ояту, ой-өрістері мен ойлау қабілеттерін жетілдіріп, толыққанды азамат дәрежесіне жеткізу мақсатында жұмыс жасайды.

– Жалпы білім беретін мектепте даму мүмкіндігі шектеулі балаларға қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бала саулығы мен оқыту жолындағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Қыздар Университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: