Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

www.primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 16:31 www.primeminister.kz
Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы zakon.kz, primeminister.kz жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазады.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған.

2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген.

2012 – 2014 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған.

2014 жылы — ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі.

2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: