Мейіржан Юсупов ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2020 18:39 primeminister.kz
Мейіржан Юсупов еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы" АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мейіржан Юсупов 2001 жылы Middle East Technical University-ді "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы" АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорында жұмыс істеген.

2010 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: