Жаңалықтар тізбегі
0

Кеңес Дүйсекеев туған жеріне арнап ән шығарды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:41 Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Кеңес Дүйсекеев атындағы дәстүрге айналған "Туған жер" атты әншілердің республикалық байқауының гала-концерті өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

Қызылордада бүгін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеевтің "Сыр елі" әнінің таныстырылымы өтті. Бұл туралы zakon.kz Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Кеңес Дүйсекеев атындағы дәстүрге айналған "Туған жер" атты әншілердің республикалық байқауының гала-концерті өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:41

Айта кету керек, конкурс биыл 6-шы мәрте ұйымдастырылып отыр. Аталмыш шараға арнайы келген сазгер жаңа әнді жерлестеріне таныстырып, туған жерге деген жылы лебізін жеткізді. «Сыр елі» атты жаңа ән К. Дүйсекеұлының Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арнаған тартуы.

Аймақ басшысы Қ.Көшербаев та сайыс жеңімпаздарын құттықтап, туған жерге ән арнаған композитор К.Дүйсекеевке алғысын білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:41

Бүгінгі кештің тағы бір жағымды жаңалығы "Туған жер" республикалық байқауы келесі жылдан бастап халықаралық деңгейде ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Бұл туралы гала-концерт барысында облыс әкімі Қ.Көшербаев мәлімдеді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:41

Байқаудың үшінші орнын Дәулетқали Айбек (Батыс Қазақстан обл.), Құрбан Ақерке (Алматы обл.) және Әжібай Тасқын (Қостанай обл.) иеленді. Екінші орын Жұмашев Мұратбек (Атырау обл.) және Маханбетжанова Арайлымға (Қызылорда қ.) бұйырды. Бірінші орынды қазылар алқасы «Сарын» триосына (Онтүстік Қазақстан обл.) берді, ал бас жүлдені қызылордалық әнші Ринат Үсенов жеңіп алды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2018 17:41

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Туған жер» республикалық байқауы 2008 ж. бастап екі жыл сайын ұйымдастырылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: