Қытайда жылына 3,5 млн адам обыр дертіне шалдығады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2018 16:17 ҚазАқпарат
Өкпе, кеуде және асқазандағы қатерлі ісік ең көп таралған обыр түрі болып есептеледі.

Қытай обыр дертіне, алкалоидар негізіндегі қатерлі ісікке қарсы импорттық дәрі-дәрмектерді тасымалдаушыларды баж салығынан босатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен бірге, дәрілік құралдарды өндірушілер мен импорттаушыларға салынатын құн салығының мөлшері азайтылды.

Қытайдың мемлекеттік обыр институтының хабарламасына қарағанда, елдегі қатерлі ісікке қарсы құралдардың нарығы 120 млрд юанды (шамамен 19,1 млрд АҚШ доллары) құрайды.

Институттың статистикасына сәйкес, Қытайда жылына 3,5 млн адамға обыр диагнозы қойлады. Өкпе, кеуде және асқазандағы қатерлі ісік ең көп таралған обыр түрі болып есептеледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: