Данияр Ақышев валюта нарығындағы ахуалға түсініктеме берді
sputniknews.kz
1 мамырдан кейін Қазақстандағы доллар бағамы өсті.
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ішкі валюта нарығындағы доллардың өсуі, көрші Ресей еліндегі рубльдің құлдырауына байланысты екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Валюта нарығындағы жағдай сыртқы және ішкі факторлардың әсерін көрсетеді деп ойлаймын. Бұл өзгерістер Ресейдің қаржы нарығындағы рубльдің әлсіреуіне байланысты. Себебі бірнеше күн қатарынан рубльдің құлдырауы байқалады. Бұл фактор теңге ге де әсерін тигізді, - деді Ақышев.
Дегенмен, бұл жағдай теңгеге он әсерін тигізеді деп ойлаймын. Біріншіден мұнай бағасы жоғары көрсеткіште тұр, яғни берреліне 75 доллардан тиесілі. Екіншіден жақын күндері төлем балансы туралы деректерді жариялаймыз. Яғни, 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы алдын ала деректерді. Осылайша, біз екінші тоқсанда төлемдердің нөлдік теңгерімін көреміз, - деді Ақышев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript