Жаңалықтар тізбегі
0

ҰБТ-дан ең көп балл жинаған алғашқы түлекке сыйлық беріледі

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2018 14:55 sputniknews.kz
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ҰБТ "мерейтойы" құрметіне ең көп балл жинаған алғашқы түлекке iPhone тарту етпек.

БҒМ "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-дан ең жоғары балл жинаған алғашқы түлекке iPhone сыйлайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл ҰБТ он бесінші рет өтетініне байланысты Қазақстан азаматы ретінде өз атымнан 140 балл жинаған алғашқы оқушыға iPhone сыйлаймын", — деді ол тілшісіне.

Айта кетсек, биыл ҰБТ форматына өзгеріс енгізілген жоқ, тек оқушыларға сынақты ағылшын тілінде тапсыруға мүмкіндік беріліп отыр. Бүгінгі таңда 200-ге жуық түлек ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ниет білдірген. Дегенмен бұл көрсеткіш әлі де өзгереді. Өтініш қабылдау мерзімі 10 мамырда аяқталады.

2 мамырдағы мәлімет бойынша 96 963 түлек ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Бір қуантарлығы түлектердің 73 мыңы, яғни 80 проценті қазақ тілінде тапсырмақ. Ал барлығы республика бойынша 146 мың оқушы мектеп бітіреді.

Ұлттық бірыңғау тестілеу жылдағыдай 20 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді.

Баспасөз мәслихатында айтылғандай, 15 жыл ішінде 1 миллион 600 мың адам ҰБТ тапсырыпты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: