Қостанай облысында 400 тасбақаны Ресейге алып кетпек болды
Egemen.kz
Тексеру жүріп жатыр.
«Қайрақ» шекара бекетінде Қостанайдан Ресейдің Челябі қаласына бет алған Фольксваген жеңіл көлігін шекарашылар иісшіл итпен тексергенде, оның багажынан екі үлкен сөмке табылған, деп жазады Егемен Қазақстан газеті.
Сөмкені ашып қарағанда шекарашы Есмұратов өз көзіне өзі сенбей қалады.
Сөмкеден жыбырлап жатқан жүздеген тасбақа шығады. Санағанда олардың саны 400-ге жетеді! Таңқаларлық жүк, әрине шекарадан өткен жоқ.
Тасбақаны алып бара жатқан жолаушының қажетті құжаты да болмаған.
Оны қайда, не үшін алып бара жатқаны да әлі белгісіз. Тексеру жүріп жатыр.
Нәзира Жәрімбет
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript