Алматыда «Атакент» орталығының территориясы қалаға қайтарылады
Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Атакент» іскерлік байланыс орталығының 23 гектар аумағын жалға беру туралы келісімнің күшін жою туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Енді 54,1 га аумақты құрап жатқан территория қаланың меншігіне қайтарылды. Оның 31 гектары жеке меншікте, ал 17 гектарында түрлі сауда, мейманхана және спорт кешендері орналасқан.
Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі барлық құқықтық құжаттарды тексеруде. Игерілмеген 14 гектар жерге шектеу қойылған. Алайда мақсатты негізде салынған көрме павильондары немесе өзге де нысандарды сүру жоспарда жоқ.
Осыдан екі апта бұрын Бауыржан Байбек «Атакент» орталығы орналасқан жердің меншік иесі аталған территорияны тиімді пайдалана алмай отырғанын айтқан болатын.