Тараз территориясы кеңейіп, бірқатар облыстық елдімекендер қалаға қосылады
"Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін, Байзақ ауданының жалпы көлемі 1.761,2014 гектар жер бөлігін қосу жолымен Тараз қаласының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 31 798,0742 гектар болып белгіленсін", делінген құжатта.
Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін Тараз қаласының шекарасына беру жолымен Жамбыл ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 412 402,0819 гектар болмақ.
"Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін Тараз қаласының шекарасына беру жолымен Байзақ ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 444 259,80 гектар болып осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес белгіленсін", делінген құжатта.
Қала шегін ретеу барлык бағыттар бойынша көзделеді: солтүстік-шығыс, солтүстік, онтүстік-шығыс және онтүстік, қала маңындағы кенттерді, Байзақ және Жамбыл аудандарының 14 елдімекенің өзіне қоса отырып, қала шегін реттеу мейлінше кері әсерсіз өтеді.
- шығыс жағынан қала шекарасына: Ақбұлым (4022 адам), Талас (4879 адам), Қызыл Жұлдыз (6342 адам);
- солтүстіктен - Қоңыртөбе (484 адам), Шайқорық (4282 адам) және Танты (214 адам) елді мекендері кіреді.
- батыс жағынан қала шекарасына Бектебе (3292 адам) және Қызылшарық (1315 адам) ауылдары кіреді. Екі ауыл да әуежайдың ұшу жолағына түседі.
- оңтүстіктен Кемел (276 адам), Түрксіб (2974 адам), Қала маны (6293 адам), Жалпақтөбе (9836 адам) ауылдары кіреді.
Шекараның кеңеюі көбінесе солтүстік және оңтүстік бөліктерде осы бағыттагы тұрғын аудандарды айналып өтетін айналма жолмен түйседі және агропарк белдеуі жүйесін камтиды.
Селитебтік аумақтарды басымды дамыту Сарыкемер және Алматы бағыттарында қалыптасқан қоныстану остері бойымен солтустік-шығыс бағытта көзделеді.
Тараз қаласының аумағын ұлғайту пәтер мен жеке тұрғын үй салу үшін жер телімін алу кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосылған аумақтарда өндірістік қуаттарды дамыту жоспарлануда, өйткені бүгінгі таңда бос орынның жоқтығы әр түрлі өндіріс орындарын салу бойынша инвесторлардан түсетін ұсыныстарды қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді.
Осылайша қала аумағының ауданың 18787,0 гектардан (бастапкыжылға) - 573,0 мыі халык санымен 31798,7 гектарға дейін ұлғайту көзделуде.
Тараз қаласы - Жамбыл облысының әкімшілік, шаруашылык, экономикалық және мәдени орталығы, Қазақстан Республикасының ірі өнеркәсіп орталығының және көлік тораптарының бірі. Бүкіл облысты және қаланы толыққанды дамытуға облыс бай минералды-шикізат базасына, өнеркәсіптік ресурсқа, рекреациялық және табиғи-климаттык әлеуетке ие. Алматы-Шымкент магистральдық теміржолы қала арқылы шығыстан оңтүстік-батысқа қарай өтеді. Солтүстік-батыс бағытта Алматы – Шымкент (А-2) республикалық маңызы бар автожолы қаланы айналып өтеді. "Жамбыл" теміржол вокзалы мен "Әулие-ата" халықаралық әуежайы бар. Қалада 64 мектеп және 153 мектепке дейінгі мекеме, 6 аурухана, 3 диспансер және 9 емхана бар. 3 ірі базар, 9 сауда және ойын-сауық орталығы, 111 мейрамхана мен дәмхана бар.
Құжат 5 тамызға дейін қоғамдық талқы үшін Ашық НҚА сайтына орналастырылған.