Жаңалықтар тізбегі
0

Он жасар ауру баланы зорлаған жасөспірім сотталды

otyrar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2018 15:51 otyrar.kz
Өсіп жетілуі қатарынан кейін қалған 10 жастағы жәбірленуші қорыққаннан үйден шыға алмаған.

ОҚО-да ауру баланы зорлаған 16 жасар жасөспірім 11 жыл 3 айға сотталды. Шымкенттің көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде пәтер жалдап тұратын 16 жастағы жасөспірім араққа сылқия тойып алып, өздігінен жоғары қабатқа көтеріле алмайды. Сол кезде 10 жастағы бала оған көмек беріп, пәтеріне жеткізеді, деп жазады otyrar.kz.

Алкоголь ішкен 16 жастағы бозбала көмектескен 11 жастағы баланы қонақ етіп, қауын кесіп береді. Намаз уақыты таяған соң, жәбірленуші намаз оқи бастаған. Сол кезде 16 жастағы сотталушы 10 жастағы ауру баланың мойнына пышақ тақап, қорқытып, сексуальды сипаттағы зорлық көрсеткен.

Өсіп жетілуі қатарынан кейін қалған 10 жастағы жәбірленуші қорыққаннан үйден шыға алмаған. Тек араққа тойған 16 жастағы озбырдың досы келіп қалып сытылып шыққан. Қашып шығып ата анасына барлығын айтып берген. Сотталушы 16 жастағы жасөспірім өз кінәсін мойындамаған. Өкінбеген де. Сот медициналық сараптама қорытындысымен кінәсі толық дәлелденіп, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды.

Бұл үкім 2018 жылдың 7 ақпанында ОҚО манадандырылған ауданаралық сотында оқылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы жыныстық сипаттағы қылмыстық іс болғандықтан жабық түрде өтіп, облыстық сотта бірінші сот сатысының үкімі толық қуатталған соң ғана мәлімдеме жасалынды деп түсіндірді үйлестіруші судья Әбинұр Қарабаев.

Әбинұр Қарабаев, ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы: «Сотталушы 2001 жылы туған. Қылмыстық оқиға орын алған кезде 16 жаста болатын. Зорлық оқиғасы 2017 жылдың 17 ші қазанында орын алған».

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: