Қостанайда қатты жел ғимараттың шатырын ұшырып кетті
radio7.kz
Екі қабатты ғимараттың 323 шаршы метр болатын темір жабындысы жерге құлап түсті.
Қатты жел Қостанай обылысы Ұзынкөл аудандық білім беру бөлімі ғимаратының шатыры ұшып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Секундына 20 метр жылдамдықпен соққан жел Ұзынкөл ауданындағы білім беру мекемесінің шатырын қиратып кетті. Екі қабатты ғимараттың 323 шаршы метр болатын темір жабындысы жерге құлап түсті. Нысанның жалпы аумағы - 1 599 шаршы метр. Табиғи апат білім беру мекемесінің жұмысына кері әсерін тигізген жоқ», - деді облыстық ТЖД-нің баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.
Белгілі болғандай, ғимараттан ұшқан шатыр Daewoo Matiz маркалы автокөлігінің үстіне түскен. Оқыс оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript