Дәретхананың суынан шай қайнатып сатқан жігіт ұсталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2018 23:36 Baq.kz
Cаудагер бұл әдетін басқаша түсіндірді.

Үндістанда пойызда шай сататын жігіт ыстық сусын дайындау үшін дәретхана суын пайдаланатыны анықталды. Бұл туралы The Guardian газеті жазады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ер адам мен оның екі әріптесі Ченнаиден Хайдарабадқа дейін қатынайтын пойызда шай құйып сататын ыдысына дәретхананың суын толтырып келе жатқанда ұсталды.

Үндістанның теміржол компаниясы бұл жағдайды егжей-тегжейлі зерттейтінін хабарлады. Сатушының өзіне 90 мың рупий (шамамен 45 мыңға жуық теңге) айыппұл салынды. Сонымен қатар, сауда жасауға рұқсат лицензиясы тек сол жігіт те болған.

Ал саудагер бұл әдетін басқаша түсіндірді. Ол ыдыстың ішіндегі сүтті елдің көзінше ауыстыруға ыңғайсызданып, әріптестерімен дәретханада жасадық дегенді айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: