Ыстықкөл облысындағы шипажайда 18 адам уланды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.05.2018 16:30 Сурет: zakon.kz
Зардап шегушілер тамақтан улануы мүмкін.

Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы «Аврора» шипажайында 18 адам уланды, оның ішінде жетеуі шетелдік спортшы. Бұл туралы «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат хабарлайды.

Кеше 13 адамның ауруханаға түскені мәлім болды. Түнде тағы 5 адам емдеу мекемесіне жеткізілген.

«Зардап шеккендердің арасында 11-і қырғызстандық, біреуі ирандық және Араб Әмірліктерінің 6 азаматы бар», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінде.

Зардап шегушілер тамақтан улануы мүмкін.

«Қазір анализ жүргізу үшін барлық сынамалар алынды. Ауруханаға түскен азаматтардың жағдайлары бірқалыпты», - деді ведомствода.



zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: