Жаңалықтар тізбегі
0

Жауынгерлерге арналған ескерткіш құлауға шақ тұр

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 23:50 Сурет: zakon.kz
Тас мүсін қорғасын зауытынан қан майданға аттанып, қаза болған майдангерлерге арналып қойылған.

Шымкентте жауынгерлерге арналған мемориал ескерткіш талқандалып тасталған. Тас мүсін қорғасын зауытынан қан майданға аттанып, қаза болған майдангерлерге арналып қойылған. Қазір зауыттың аумағында қараусыз қалған ескерткіш құлауға шақ тұр. Соған қарамастан ескерткіште есімдері жазылған жүзге жуық жауынгердің ұрпақтары гүл шоқтарын қойыпты. Бір өкініштісі, бұл монументтік мемориалдық ескерткіш облыстағы тарихи мұраны қорғау орталығының тізіміне енбеген. Есесіне, көрсетілген құрмет еш кетіп, ескерткіш жетім баланың күйін кешіп тұр, деп жазады otyrar.kz.

Сұрапыл соғыс жылдары жауға атылған он оқтың тоғызы дәл осы қорғасын зауытында жасалған. Зауыттың дүркіреп тұрған шағында мемориал тұрғызылып, оққа ұшқан майдангерлердің есімі жазылған. Аталмыш ескерткіш жылдан — жылға ескіріп, қала тұрғындарының көңілін құлазытып тұр. Ал биылғы көрініс көптің көңілін бірден суытқан. Қабырғалары сөгіліп, қирауға шақ. Әсіресе, отан үшін оқ кешкен жандарға ауыр тиіп тұр.

Абдумуталип Насиров: «Мен осы мәселені көтеріп көптен бері әр есікті қағып жүрмін. Ескерткіш қирады, енді оны ешкім қайта қалпына келтірмейді. Бірақ қан майданда қаза болған 99 азаматтың есімі ұрпақтың есінде қалсын десек №5 мектептің ауласына қайта орнатсақ дұрыс болар еді».

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2018 23:50

Ардагерлердің өтініштерін бірінші болып қалалық №5 мектептің ұстаздары мен оқушылары қабылдапты. Ескерткіш орнатуға мүмкіндіктері жоқ, бірақ өздерінің мұражайларынан арнайы бұрыш ашып, тасқа қашалып жазылған батырлардың есімдерін тізіп, сақтап қалыпты. Бұдан бөлек, жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру үшін майдангерлердің пайдаланған заттарын, медальдарын және туған туыстарына жазған хаттарын жинастырыпты. Айтуларынша басшылардан қолдау болса, ескерткіш орнататын жер телімдері де бар екен.

Мектеп директоры болса «бізге ардагерлер өтінішпен шықты. Біз олардың өтініштерін жерде қалдырмай, қолдан келгенше жағдай жасадық. Кеше мереке күні ардагерлермен кездесу өткіздік. Зауыт туралы деректер жинап жатырмыз» дейді.

Бір өкініштісі зауыттағы мемориалдық ескерткіш Облыстық тарихи мұраны қорғау орталығының тізіміне енбеген. Сала мамандарының айтуынша ескерткішті сақтау зауыт басшылығының міндетінде екен. Бірақ Кеңес Одағына қажетті қорғасынның 70 пайызын өндірген зауыттың бүгінгі қираған қаңқасына қарап-ақ, мемориалдың ешкімге қажет болмай қалғанын байқау қиын емес.

Нұрлан Күдерұлы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: