Жаңалықтар тізбегі
0

Ксения Собчак АЭФ-те саясаттағы әйелдердің рөлі туралы айтпақ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 22:52 Сурет: zakon.kz
XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді.

2018 жылғы РФ Президенті сайлауында үміткерлердің бірі болған Ксения Собчак XI Астана экономикалық форумына келетіні түпкілікті белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейде өткен Президент сайлауына және ондағы жаңа Үкіметтің құрылуына байланысты ресейлік делегацияны бастап келетіні жоспарланған Игорь Шувалов форумға келмейтін болды. Оның орнына форумға РФ Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Козак қатысады», - деді «GVA Kazakhstan» серіктесі және АЭФ-тің бас продюссері Болат Столяров.

Сонымен қатар, ол форумға Ксения Собчактың келетінін растады.

«Өзінің тығыз кестесіне қарамастан, Ксения Анатольевна расында да, форумға қатысатын болады. Біз кеше онымен форумға қатысу моделі тұрғысынан қорытынды келіссөздерді жүргіздік. Ол БҰҰ-ның Әйелдер ұйымының жұмысы мен әлемдік экономика мен саясаттағы әйелдердің рөліне байланысты АЭФ-ке 18 мамыр күні қатысады. Ксения Собчак - осы бағдарлама бойынша спикерлердің бірі», - деді ол.

Меймандардың негізгі шоғыры форумға 16 мамыры келіп жетпек. Жұмыс кестесі тығыз спикерлердің бір бөлігі 17 мамыр күні таңертең жетеді.

Сонымен қатар, шара барысында ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министір Руслан Дәленов XI Астана экономикалық форумын өткізуге өткен жылдың деңгейіндей, тіпті одан да аз ақша жұмсалатынын тілге тиек етті.

Айта кетсек, бүгін елордадағы елордадағы еңселі қонақүйлердің бірі - «Хилтон Астанада» XI Астана экономикалық форумының салтанатты түрде акредитациялық орталығы ашылды. Акредитацияны сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев әуежайынан, «Марриот», «Риксос» отельдерінен және «Керуен» ойын-сауда орталығынан алуға болады.

Еске сала кетсек, XI Астана экономикалық форумы елордада 17-19 мамыр күндері өтеді. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың айтуынша, XI Астана экономикалық форумының негізгі ерекшелігі - АЭФ үш күнге созылады. Алғашқы екі күн бойы қатысушылар жаһандық мәселелерді талқылайды. Ал, үшінші күні негізгі спикерлер қалып, күні бойы алты бағыт бойынша Қазақстан үкіметімен, сондай-ақ сарапшылармен бірге жұмыс істейтін болады.

«Негізгі мақсат - форум кезіндегі барлық идеяларды жазып алу, бізге лайықты ұсыныстарды іске асыру. Біз соның бәрін қағазға түсіріп, өз елімізде іске асыруға тырысамыз. Бізге нақты ұсыныстар қажет», - дейді Т.Сүлейменов.

Сонымен бірге, бұған дейін АЭФ-ке қатысатын спикерлер саны рекордтық көрсеткішке жететіні хабарланған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: