Жаңалықтар тізбегі
0

АЭФ: ғалымдар адам өмірін ұзарту мәселелерін талқылайды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2018 23:27 Сурет: zakon.kz
Астана экономикалық форумы – әлем ғалымдары мен сарапшылары жиналып, жаһандық мәселелерді көтеретін алаң.

Астана экономикалық форумы адамзат дамуына үлес қосатын сарапшылар пікірсайысының ауқымды алаңына айналды.

Онда экономика мен цифрландыру мәселелері және адам өмірін ұзарту мен мәдениет саласын дамыту сияқты жаһандық тақырыптар қозғалмақ. Сарапшылар да елордада өтетін форумда өзекті мәселелер шешімін табады деген болжам жасап отыр.

Астана экономикалық форумына Сингапурдағы Meinhardt Group-тің атқарушы директоры Кевин Чонг келеді. Ол «Цифрлық мемлекеттік басқару» тақырыбына арналған жиында баяндама оқиды. Чонг қатысушыларға өзінің компаниясында тиімді пайдаланып отырған көптеген ақпарт түрлерін цифрландыру тәжібибесімен бөліседі. Meinhardt Group-тің 47 елде өкілдігі бар. Онан жіберілген мәліметтер арнайы базада сақталады. Егер корпорацияның бір бөлімшесі ғимараттың ақпараттық технологиясына жаңа модельдеу енгізсе, қалғандары да тәжірибемен бөлісе алады.

- Біз жергілікті дарын иелерінің қабілетін дамыту мақсатында тәжірибе алаңын құрдық. Біздің орталықтар «Смарт сити» жүйесі бойынша жұмыс істейді. Осылайша су ресурстары жобасын басқаруда жергілікті инженерлердің техникалық дайындығы қамтамасыз етіледі. Заманауи әдіс Біріккен Араб Әмірлігінде тиімді қолданылып жатыр. Ендігі кезекте Жібек жолының экономикалық аймағындағы өзге елдерге, сондай-ақ Қазақстанға да енгізіледі, - дейді Meinhardt Group компаниясының атқарушы директоры Кевин Чонг.

Инновациялық жаңалықтар медицина саласында да пайдаланылмақ. «Өмірді ұзарту ғылымы» қорының президенті Михаил Батиннің арманы – кәрілікті жеңетін дәрі ойлап табу. Ол мақсатын іске асыру үшін миллиондаған адамды жұмылдырмақ. Оның альцгеймер, қатерлі ісік және жүрек-қан тамырлары ауруларымен күресетін Open Longevity атты жобасы бар. Ғалым Астана экономикалық форумынының «Ұзақ өмір сүру әлемі» сессиясында «Биохакинг дегеніміз не», «Кәрілікті қалай тоқтатуға болады?» және де «Тіршілік етіп ортырған ортамызды қалай сапалы етеміз?» деген сияқты тақырыптарда баяндама жасайды.

- Форум барысында бүгінде кең етек алған кәрілік мәселесін жеңу үшін миллиондаған адамды жұмылып тер төгуге шақыра аламын деп ойлаймын. Бізде осындай мүмкіндік бар, оны уысымыздан жіберіп алмауымыз керек. Ертеректе Билл Клинтон, Берлускони мен Назарбаев сияқты көшбасшылар адам өмірін ұзарту мен оның сапасын арттыру Марсқа ұшудан да өзекті әрі маңызды екенін айтқан болатын, - деді Open Longevity жобасының құрушысы Михаил Батин.

Астана экономикалық форумы – әлем ғалымдары мен сарапшылары жиналып, жаһандық мәселелерді көтеретін алаң. Онда экономика ғана емес, ғылым мен медицина және де мәдениет салалары да кеңінен талқыланады. Сарапшылыр бірлескен жұмыс барысында аты аталған мәселелердің сүбелі шешімі табылатынына сеніммен қарайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: