Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде балалар онкогематологиясы салынады

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.05.2018 15:11 Сурет: zakon.kz
Облыс дәрігерлері балалар онкогемотологиялық орталығы келесі жылы іске қосылатынын хабарлады.

Ақтөбеде қатерлі ісік ауруына шалдыққан балалар көбейген. Жылына өңірде отыздан астам бүлдіршіннен қатерлі ісік ауруының белгілері анықталып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Бізде өкінішке орай балалар арасында да онкологиялық аурулар кездеседі. Облыс бойынша жылына шамамен 30-35 баладан онкогематологиялық ауру белгілері анықталады. Атырау, Ақтау секілді жалпы батыс өңіріндегі қалаларымен есептегенде жылына 140 балаға онкогематологиялық диагноз қойылады. Осы мәселені біздің облыста шешу мақсатында облыс әкімі Берлин қаласынан балалар онколог-дәрігері Гюнтер Хенцемен кездесу өткізді», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Облыс дәрігерлері балалар онкогемотологиялық орталығы келесі жылы іске қосылатынын хабарлады.

«Мемлекеттік-жекешеншік әріптестік шеңберінде Сеул ұлттық университетінің госпиталімен бірлесіп, Check-up диагностикалық орталығын салуды жоспарлап отырмыз. Балалар онкогематологиясы орталығын құру жоспарлануда. Қазір осы бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Мамыр айында құрылыс жұмыстары басталуы керек. Мамандарымыз білімін жетілдіру мақсатында шетелде оқып жатыр. Орталықта сүйек кемтігін талдау, жұлын сұйықтығының цитологиялық сараптамасы жасалатын болады», — деді бас дәрігер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: