Семейде әуежайдағы жөндеу жұмыстарын сербиялық заңсыз келімсектер атқарған
Хабар 24
Олар елімізге жеке шаруаларымен келген.
Семейде «Нелегал - 2018» жедел алдын алу шаралары кезінде Серб Республикасының 7 азаматы әуежайда заңсыз жұмыс істеп жүргені анықталған, деп хабарлайды Хабар 24.
Олар елімізге жеке шаруаларымен келген. Қалалық ІІБ-да 5-маусымға дейін тіркелген шетелдіктер жергілікті әкімдіктің рұқсатынсыз жөндеу жұмыстарымен айналысқан.
Сербиялықтарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, оларды жұмысқа тартқан компания басшылығына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Тек бір күннің ішінде жедел алдын алу шаралары кезінде барлығы 33 шетелдік заңға тартылды.
Бұл туралы Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript