Жаңалықтар тізбегі
0

Өскемендік Дмитрий есімді жігіт 500 адамға арнап ауызашар берді

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.05.2018 18:25 altaynews.kz
Діні бөлек болғанына қарамастан, мұсылман қауымға арнап дастархан жайыпты.

«Дініміз бен діліміз бөлек болса да, Отанымыз ортақ, тілегіміз бір» деп санайтын Өскемендегі «Rating» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дмитрий Левитанус облыстық «Халифа Алтай» мешітінде 500 адамға арнап ауызашар берді, деп хабарлайды altaynews.kz.

Оған қасиетті Рамазан айында ауыз бекіткен жандар жиналды.

– Жүз отыздан астам ұлттың өкілі бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Жеке басым, Қазақ елінде тұрып жатқан барлық этнос өкілінің ұстанған ұстанымы мен наным-сенімін құрметтеймін. Әсіресе он екі айдың сұлтаны Рамазан айында ораза тұтқан халықтың шыдамдылығына тәнтімін. Тегінде ел бірлігі мен ынтымағын нығайта түсетін осындай діни мерекелерді табиғат-ананың өзі де ерекше сүйетін болса керек. Оны ауа райына қарап-ақ байқауға болады. Жалпы, мен мұсылман достарымнан ауызашар берудің сауабы мол деп естіген едім. Сондықтан осындай қадамға бардым, — дейді Дмитрий Левитанус.

Ауызашарда облыстық «Халифа Алтай» мешітінің имамдары жамағатқа арнап оразаның пайдасы мен ұстау қағидалары жөнінде кеңінен әңгімелеп берді.

Бұл күні мешітке жиналған қауым Дмитрийдің сауапты ісіне дән риза болып, оған жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Діні бөлек болғанына қарамастан, мұсылман қауымға арнап дастархан жайған Димаға алғыс айтамын. Еңбегі жемісті болсын, — дейді Мадина Ақтанова.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: