Атырау облысынын ауыл тұрғындары африкалық жетім балаларға ауызашар өткізді

Африкалық балаларға ауызашар жасалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2023 09:34 Сурет: Instagram/maqat_tynysy
Атырау облысы Мақат ауылының жастары қасиетті Рамазан айында Африка балалар үйінің жетім балаларына арнап қайырымдылық дастархан жайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Африкадағы мұсылмандар үшін ауызашар жүргізетін қор, Африка ауылдарының біріндегі балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған кешкі асты ұйымдастырды. Қайырымдылық кешінің ақшасын Атырау облысы Мақат ауылының тұрғындары аударған, деп жазады "Мақат тынысы" басылымы. 

Дастархан 60 балаға жайылған. Балалар бейнетаспаға түсіру арқылы батысқазақстандықтарға қайырымдылық шарасына алғыстарын білдірді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: