Жаңалықтар тізбегі
0

Parimatch Foundation Шымкенттегі балаларға арналған жабық футбол турниріне қолдау көрсетті

жастар турниры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 14:48 Сурет: Parimatch
Parimatch Foundation халықаралық қайырымдылық қоры Шымкент қаласының №4 балалар үйінің қамқорлығындағы балалары қатысқан футболдан «Жайдарлы Жаз» жабық балалар чемпионатын ұйымдастыруды қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Турнир 23 және 24 шілде күндері «Үш Бұлақ» балалар лагерінің аумағында өтті. Жарысқа Шымкент қаласының №4 балалар үйінен Parimatch Foundation «Спорт тәлімгері» бағдарламасының тәрбиеленушілері болып табылатын 30 баланы қоса алғанда 48 ойыншы қатысты.

жастар турниры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 14:48

Сурет: Parimatch

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың қараша айында қайырымдылық қоры Шымкенттегі ең ірі балалар үйлерінің бірінде футбол мен баскетболдан екі жаңа секция ашқан болатын. Балаларға жаңа форма, спорттық жабдықтар, сондай-ақ үлкен тәжірибесі мол кәсіби жаттықтырушылар ұсынылды. Parimatch Foundation қолдауымен, қажырлы, үздіксіз жаттығуларымен жас спортшылар қалалық және республикалық турнирлерге белсенді қатыса бастады.

Шымкент қаласының №4 балалар үйінде "Спорт тәлімгері " бағдарламасы іске қосылғанына бір жылға жуық уақыт өтті. Балалар секцияның ашылуының алғашқы күнінде ынта көрсетіп қана қоймай, жыл бойы осы бағыт-бағдарды ұстап келе жатыр. Бұны нәтижелерден байқауға болады. Біз олардың осы бағыттағы дамуын үлкен ықыласпен бақылап, әрбір жаңа жетістігімізбен мақтанамыз, - деп хабарлады PM Foundation-ның Қазақстандағы ресми өкілі Виктория Андреева.

Жастар турниры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 14:48

Сурет: Parimatch

Шынымен мақтануға тұрарлық жағдай бар. Өткен турнирде №4 балалар үйінің командаларының бірі бірінші орын алып, үздік шабуылшы және үздік қақпашы атты екі номинация бойынша жеңіске жетті. Жас чемпиондардың тәлімгері ретінде СШК және футболдан Қазақстан чемпионы, шымкенттік "Жігер" және алматылық "Қайраттың" бұрынғы ойыншысы, сүйікті жаттықтырушысы Марат Тұрлиев болды.

жастар турниры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 14:48

Сурет: Parimatch

Балалар өте дарынды және ынталы. Олар өмірдегі жағдайларына қарамастан, әрқашан жаттығуларға барын салып, ең жақсы болуға тырысады. Parimatch Foundation сияқты ұйымдар бар екендігі бізді қуантады, олар өсіп келе жатқан ұрпақтың спорттық рухын қолдауға әрқашан дайын. Болашақта бұдан да көп жеңістерге жететінімізге сенімдімін, - бапкер Марат Тұрлиев осылай өз ойымен бөлісті.

Спорт - бұл тек жеңіс қана емес. Балалар үйінің басшылығы жаңа спорт секцияларының пайда болуымен өз қамқорлығындағы балалардың көңіл-күйі мен дамуындағы оң өзгерістерді атап өтті.

жастар турниры, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2022 14:48

Сурет: Parimatch

Біздің қамқоршыларымыздың өміріне қиын үлес түскен. Кей жерде олар балалардың қарапайым қуаныштарынан айырылды, жан жаралары әлі жазылмаған. Сондықтан олар үшін спорт өте қымбат. Спорт тыныштандырады, жағымды эмоциялар береді және өзін-өзі бағалауды жетілдіреді. Parimatch Foundation компаниясының "Спорт тәлімгері" бағдарламасының арқасында соңғы оқу жылы біздің балаларымыз үшін ерекше бақытты болды. Бізге керемет жаттықтырушылармен, үлкен тәжірибесі мол нағыз мамандармен жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Балалар оларды өте жақсы көреді және жаттығуға қуана-қуана қатысады. Қорға тек табыс пен өркендеу тілеймін!- деп әсерімен бөлісті Шымкент қаласы №4 балалар үйінің директоры Нұрсәуле Тастыбаева.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: