Parimatch Foundation шәкірттері баскетболдан Қазақстан кубогының жүлделі орнына ие болды
28-31 тамыз аралығында Түркістан қаласында 3х3 баскетболдан Қазақстан Кубогы өтті, оған республиканың барлық өңірлерінен 75 команда, сондай-ақ Өзбекстаннан келген қонақтар да қатысты. Жарыс жеті жас санаты арасында өтті. Parimatch Foundation қолдауымен турнирге Шымкент қаласының №4 балалар үйінен үш команда қатысты. Түркістан облысы 3×3 баскетбол федерациясының Вице-президенті Ғалия Мамахан балаларды жылы шыраймен қарсы алды:
Балалар үйінің командалары іс жүзінде кәсіби деңгейде өнер көрсетті, бұл үшін балаларға қолдау көрсететін жаттықтырушы мен демеушіге алғыс айтамыз. Біз әрқашан оларды Түркістанда көруге қуаныштымыз және болашақта өткізілетін жарыстарға міндетті түрде шақыратын боламыз, — деді Ғалия Мамахан.
Сурет: Parimatch
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың соңында "Спорт тәлімгері" бағдарламасы аясында Қор балалар үйінде футбол және баскетбол секцияларын ашып, кәсіби жаттықтырушыларды, спорттық құрал-жабдықтар мен киім үлгілерін ұсынды. Бастама іске қосылғаннан бері бір жыл өткен жоқ, ал жаңадан келген спортшылар жоғары нәтиже көрсете бастады.
Жаттықтырушы Данил Серединский шәкірттерінің өнеріне риза болды. Мақтануға ерекше себеп, ол 18 жасқа дейінгі дәрежедегі үшінші орын болды.
Сурет: Parimatch
Балалар жақсы ойнап, өз облыстары мен спорт мектептері үшін өнер көрсететін кәсіби ойыншыларға лайықты бәсекелестік жасай алды. Біз бұған дейін 3х3 және классикалық 5х5 Республикалық чемпионаттарына қатыстық, қателіктермен жұмыс жасадық және Кубокта қола медаль жеңіп алдық. Нәтижесі айдан анық!- деп бөлісті Данил Серединский.
"Спорт тәлімгері" бағдарламасының басты мақсаты — балаларға шығу тегіне қарамастан, секциялар мен қажетті ресурстарға тең қолжетімділікті ұсына отырып, спортты және салауатты өмір салтын дамытуға ықпал ету. №4 балалар үйінің қамқорлығындағылар осындай бағдарламалардың балалардың физикалық және менталдық денсаулығына жағымды әсерінің айқын мысалы болды.
Жарысқа қатысу маңызды сәттердің бірі, деп есептейді баскетболдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Иван Гайна.
Сурет: Parimatch
Турнирлерге қатысу тәжірибесі балалар үшін өте пайдалы, өйткені жарыс жүргізілмесе жаттығуға деген қызығушылық болмайды. Бірақ ең бастысы - бұл әлеуметтік даму. Кубокта олар спорт мектептері мен интернаттардың оқушыларымен ойнады, республика бойынша тетелес балалармен танысты. Болашақта олар басқа аймақтарға барып, жаңа биіктерді бағындырады деп сенемін. Сонымен қатар, республикалық деңгейдегі жарыстар жауапкершілік пен тәртіпке үйретеді. Айтылған жағдайлардың барлығы оларды одан да үлкен нәтижелерге қол жеткізуге ынталандыратынына сенімдімін, - деп түсіндірді Иван Гайна.
Қиын өмірлік жағдайлардан өткен балалар көбінесе ерік-жігермен және айырықша табандылықпен ерекшеленеді. Серединский мен Гайна спортқа жаңадан келген балалар қабілеттерін көрсетуге деген ыстық ниеттері бар екенін атап өтті. Кәсіби тәлімгерлер ретінде балалар әлеуетін аша алатынына кәміл сенеді.
Сурет: Parimatch
Болашақта балалар өз өмірлерін спортпен байланыстыруы мүмкін. Бізде Қостанай және Павлодар балалар үйлерінен шыққан жарқын мысалдар бар, ондағы балалар қазіргі уақытта кәсіби ойыншылар мен жаттықтырушылар болды. Ниет пен еңбек болса болды, қалғанының барлығын уақыт көрсетеді!- деді Иван Гайна.
"Қазақстанның жоғары және ұлттық лигасында балалар үйінен шыққан жігіттер бар. Олардың әлеуеті өте зор және ұстанымдары мықты болып келеді. Балаларға спортта өздерін табуға көмектесетін "Спорт тәлімгері" бағдарламасы және Parimatch Foundation сияқты демеушілері бар екеніне зор алғысымды білдіремін", — деп толықтырды Данил Серединский.
Parimatch Foundation - 2019 жылы құрылған халықаралық қайырымдылық қоры. Қордың мақсаты - балаларға спортпен шұғылдануға және үйренуге тең мүмкіндіктер мен қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қоғамның денсаулығы мен әл-ауқатын жақсарту болып табылады.