Боксшы Махметов Санкт-Петербургтегі турнирдің финалына шықты

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 22:32 www.inform.kz
31 мамыр күнгі шешуші айқаста ол қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен кездеседі.

Санкт-Петербургте өтіп жатқан «Губернатор кубогы» турнирінде қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Қазақпарат.

52 килограмға дейінгі салмақта Азат Махметов жартылай финалда өзбекстандық Жасурбек Латиповтан басым түсті.

Ертең, 31 мамыр күнгі шешуші айқаста ол қырғызстандық Азат Үсенәлиевпен кездеседі.

Айта кетейік, Ержан Жомарт (49 кг), Әділет Құрметов (60 кг) және Абзал Құттыбековтер (91 келіге дейінгі салмақ дәрежесі) жартылай финалда есе жіберіп, қола медальді қанағат тұтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: