Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада халал ет өнімінен шошқаның ДНҚ-сы табылды

sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2018 23:37 sn.kz
Өндіруші өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін көрсетпей, тұтынушыларды адастырған

Астанада халал ет өнімінің құрамынан шошқаның ДНҚ-сы табылды деп хабарлайды Sn.kz елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өнім қауіпсіздігін бақылау аясында 330 үлгіні, соның ішінде 33 ет өнімін сатып алды. Зертханалық зерттеу қорытындысы бойынша 33 ет өнімінің бесеуі Еуразия экономикалық одағы техникалық регламентінің таңбалау бойынша және төрт үлгісінен қауіпсіздік көрсеткіші (шошқа ДНҚ-сы) бойынша талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде нақты мысалдар келтірілді.

«Шошқа ДНҚ-сы» мына өнімдерде табылды: «Байрам» халал піскен шұжығы, «Бақташы» және «Silla» сиыр етінен жасалған пісірілген шұжық, Ақтөбеде жасалған «РОКОС Ко» ЖШС, сондай-ақ «Целых из Петропавловска» ЖК өндірген «ХАЛАЛ» және «мұсылман» тұшпаралары», - деп нақтылады ведомствода. Сондай-ақ, өндіруші өнімнің құрамында шошқа етінің бар екенін көрсетпей, тұтынушыларды адастырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: