Жаңалықтар тізбегі
0

Денис Тен мен Димаш Құдайберген бірлескен бағдарлама әзірлеп жатыр

ҚазАқпарат ҚазАқпарат
Мұзды шоуда жаңа қойылымдар, айрықша декорация, әдемі костюмдер, қайталанбас контент және басқа да көптеген тосынсыйлар болады,

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Астана тұрғындары мен қала қонақтары үшін әлемдік деңгейдегі спортшылардың қатысуымен айрықша шоу әзірлеуде. Бұл туралы бүгін спортшының қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды. деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денис Тен және оның достары» мұзды шоуына мәнерлеп сырғанаудан спорт жұлдыздары Каролина Костнер, Елена Радионова, Бруно Массо, Алена Савченко, Ян Хан және тағы басқа барлық саны 17 адам қатысады. Шоудың қоюшы режиссері - канадалық Шей-Лин Бурн, музыкалық сүйемелдеуші -қазақ ұлттық-симфоникалық оркестрі.

«Мұзды шоуда жаңа қойылымдар, айрықша декорация, әдемі костюмдер, қайталанбас контент және басқа да көптеген тосынсыйлар болады, сондықтан бұрынғы шоулардан үлкен айырмашылығы бар. Және де Астананың 20 жылдығына орай арнайы ұлттық бағдарлама әзірледік. Одан бөлек біз Димаш Құдайбергенмен бірігіп бағдарлама әзірлеп жатырмыз, сондықтан «Денис Тен және оның достары» Қазақстандағы қайталанбас мұзды шоу деуге болады», - деп атап өтті Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тен.

«Денис Тен және оның достары» шоуы алғаш рет 2014 жылы болып, мәнерлеп сырғанау спортының жанкүйерлері арасында үлкен қызығушылық тудырған. Биылғы шоуды тамашалауға спортшылардан бөлек, Қытай, Жапония, Корея және Еуропа елдерінен 100-ден аса шетелдік турист келеді деп күтілуде. Айта кетейік, аталған шоу ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен 9 маусымда «Барыс Арена» мұз айдынында сағат 18:00-де басталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: