Жаңалықтар тізбегі
0

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірованың қазасына қатысты тың мәлімет шықты

sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 16:58 sputniknews.kz
Ыстық көл облысының соты Бішкекте көшпелі сот отырысын өткізді.

Қырғызстанның Ыстық көл облыстық көшпелі сотының шешімімен "Әлем миссисі" Сәния Шәкірова қаза тапқан жол апатына кінәлі 31 жастағы Ч. К. екі айға қамауға алынды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

"Көшпелі отырыс 7 маусымда Бішкек травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының № 4 травматология бөлімінде өтті. Отырыста Ч. К.-ны тұтқындап, екі айға тергеу абақтысына қамауға шешім қабылданды, алайда дәрігерлер әзірге олай жасауға тыйым салды. Қазіргі таңда тергелушіге күзет қойылды", — деп түсіндірді милициядағылар.

Ыстық көл облыстық ІІБ баспасөз қызметінің мәліметінше, тергелушіге 7 маусым күні бұғанасына ота жасалуы тиіс болған, сол үшін оны тергеу абақтысына әкетуге тыйым салынған. Отадан кейін ол тағы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болады. Егер жағдайы жақсарса, құқық қорғаушыларға алып кетуге рұқсат беріледі.

Сәни Шәкірова қаза тапқан жол апаты 3 маусымға қараған түні Чок-Тал ауылында болды. Көлікті мас күйінде жүргізген 31 жастағы Ч. К. рөлге ие бола алмай, жергілікті зираттың қоршауына соғылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: