Жаңалықтар тізбегі
0

Алик Шпекбаев: Мемлекеттік қызметшілер жеңілдікпен баспана алады 

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 17:11 www.inform.kz
Агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр.

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруда жеңілдіктер беру шаралары әзірленіп жатыр. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі уақытта агенттік Президент әкімшілігінің қолдауымен мемлекеттік қызметшілерге баспана алуда, зейнетақы тағайындауда, балабақшадан орын алуда және өңірлердегі сауықтыруға жағдай жасау үшін жеңілдіктер беру шараларын әзірлеп жатыр. Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасы, "7-20-25" бағдарламасы бар. Дегенмен, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуге бағытталған «5-5-25» бағдарламасы жасалуда. Менің ойымша, бұл тәсілдер мемлекеттік қызмет үшін қолайлы болады", - деді Алик Шпекбаев Астанада мемлекеттік қызметті жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда.

Бұған дейін Алик Шпекбаев 2019 жылдан бастап, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы жаңа жүйемен төленетінін, еңбекақының едәуір ұлғаятынын хабарлаған еді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: