Жаңалықтар тізбегі
0

Башқұртстандық әулет ғасыр бойы Араб тіліндегі Қылмыстық кодексті Құран деп санап келген

static.ngs.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 18:57 static.ngs.ru
Кітапты тіпті сәбилер жыламасын деп жастықтарының астына жастаған.

Зинатуллиндер отбасы ғасырға жуық уақыт араб тілінде жазылған көне кітапты қасиетті Құранға балап, тұмарларындай сақтап келген. Жылдар бойы әулет үлкендері кейінгі ұрпаққа араб тіліндегі кітапты тапсырып, отбасылық жәдігер ретінде санаған. Ал кітаптың қылмыстық кодекс екендігі күтпеген жерден ашылған деп хабарлайды zakon.kz ufa1 жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Рафия Зинатуллинаның сөзінше, ол кітапты парақтап отырып, ең соңғы бетінде майда шрифтпен жазылған сөзді оқып, көргеніне сенбеген. Онда бұл кітап 1926 жылғы араб тілінде жазылған Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Қылмыстық кодекс екені көрсетілген.

- Анам әрдайым бізге бұл кітапты ұстауға тыйым салатын. Бізге сендер араб тілінде оқи алмайсыңдар, кір қолдарыңмен ұстамандар деп тыйып отыратын, - дейді Башқұртстандық зейнеткер.

Әжем өсиет қылып айтқандай кітапты балаларға жастайтынбыз. Үлкендер легі сонда сәбилер аз жылап, көңілдері көтерінкі болады деп санаған. Дегенмен, кітаптың қасиетті болғаны раста-мыс. Себебі оны жастанған балалар бүгінде полиция қызметкерлері болып еңбек етеді. Ззейнеткердің туған бауыры мен ұлы ішкі істер қызметінде жұмыс істейді.

Полиция қызметінің құрылғанына 300 жыл толғанда отбасы мүшелері МВД мұражайына отбасылық жәдігерді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: