​Астанада жүкті әйелді телефон арқылы босандырып алды

ernur.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 20:31 ernur.kz
Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.

Астанада жүкті әйелді телефон арқылы «босандырды», деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.

«Стансаға телефон соққан әйелге колл-орталықтың диспетчері ауызша ақыл-кеңес беріп отырды. Сөйтіп екіқабат әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше өздігімен босанды», - деп хабарлады Астана жедел жәрдем стансасы.

Аман-есен дүниеге келген нәрестенің салмағы - 3800 келі, ал бойы - 51 см. Ал әке-шешесі сәбиге Ренат деген ат берді.

«Жүктілік кезеңі ойдағыдай өтіп, жеңіл босанды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіліп, перзентханаға жеткізілді», - делінген таратылған хабарламада.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: