Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңғыбастар Астанадан қуылмайды – ІІМ

www.glavny.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.06.2018 21:20 www.glavny.tv
Астана күні қарсаңында елорданың құқық қорғаушылары, сондай-ақ үш облыстың жеке құрамы күшейтілген режімге көшетін болады.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеxа мереке күндері қаңғыбастарды басқа жаққа көшіруге қатысты түсінік берді, деп xабарлайды Елорда Инфо сілтеме жасап.

"Астанада арнайы оңалту орталығы бар. Егер адамның нақты тұрғылықты жері мен құжаты болмаса, оны аталған орталыққа жеткізеді. Себебі оның кім екенін анықтау қажет. Әлі есімде, ЭКСПО кезінде қаңғыбастарды басқа жаққа көшіруге қатысты алыпқашпа әңгіме көп болған. Астана күнін тойлау кезінде ондай шаралар болмайды. Ұшақпен де, пойызбен де ешкімді көшірмейміз. Алайда тәртіп бұзушылық болса, ондай адамдарды ұстап, оңалту орталығына жеткізеді", - деді И. Лепеxа Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Астана күні қарсаңында елорданың құқық қорғаушылары, сондай-ақ үш облыстың жеке құрамы күшейтілген режімге көшетін болады.

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевтың айтуынша, 27 маусым мен 8 шілде аралығында астаналық гарнизон, сондай-ақ Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жеке құрамы күшейтілген режімге көшіріледі.

"Ол күндері елорда аумағында қоғамдық тәртіпті полицияның күшейтілген жасақтары бақылайды. Ал мерекелік шаралар өтетін жерлерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі", - деді А.Сәдубаев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: