Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік органдар қызметінің бір бөлігі бәсекелестік ортаға беріледі

total.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2018 17:52 total.kz
Министр бұл түзетулер бәсекелестік ортада мемлекет үшін қатысы жоқ функцияларды жүйеге көшірудің құқықтық негізін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында депутаттар «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтерді бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжаттың басты бөлігін ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды. Оның айтуынша, заң жобасы Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның 97-ші қадамын жүзеге асыру үшін, яғни, өзін-өзі реттеуді дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту, сондай-ақ мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру үшін құқықтық негіз қаланған.

"Бұл құжатты қалыптастыру кезінде біз ЭЫДҰ елдерінің ең үздік практикасын зерделедік. Мысалы, АҚШ-та Биліктің федералдық органдарының функцияларын түгендеу туралы Заң қолданылады. Оған сәйкес атқарушы биліктің федералдық органдарына жыл сайын өзінің мәні бойынша мемлекеттік болып табылмайтын және жеке компаниялар жүзеге асыра алатын функцияларды айқындау жүктеледі», - дедi Ұлттық экономика министрi.

Министрдің айтуынша, заң жобасының құрылымы 2016 жылы премьер-министрдің орынбасарының басшылығымен депутаттардың қатысуымен өткен Үкіметтің жанындағы арнайы комиссия отырысында бекітілген функцияларды бәсекелестік ортаға берудің негізгі принциптері негізінде құрылды.

"2016 жылы жүргізілген сараптама негізгі проблеманы – мемлекеттік органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру өлшемшарттарының жоқ екенін және оның жүйесіздік сипатта екенін анықтады. Түзетулердің бірінші және негізгі бөлігі - негізгі тәсілдер", - деді министр.

Оған қоса, Т. Сүлейменов осыған байланысты, заң жобасында: мемлекеттік органдардың фунцияларын бәсекелес ортаға берудің мақсаттары, қағидаттары және тәсілдері; функцияларды іріктеу мен берудің өлшемшарттары, алгоритмі; функциялардың жүзеге асырылу сапасының мониторингі және сапасыз жүзеге асырылған жағдайда оларды қайтару тетігі; Үкіметтің және мемлекеттік органдардың өкілеттіктері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі; сондай-ақ функцияларды орындаушылардың құқықтары мен міндеттері; сонымен қатар, Үкіметтің жанында арнайы құрылған комиссияның функциялары айқындалатынын айта кетті.

"Айта кету керек, жекелеген функцияларды бәсекелес ортаға беру қарастырылмаған. Мұндай функцияларға ұлттық, ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған функциялар, қорғаныс, қоғамдық тәртіпті қорғау және т.б. функциялар жатады. Заң жобасында функцияларды бәсекелес ортаға берудің 5 тәсілі айқындалған, олар толық немесе ішінара беруді көздейді.​ Толық беру кезінде фунция тек функцияларды пайдаланушылардың есебінен жүзеге асырылады не толығымен өз-өзін реттейтін ұйымға өтеді. Бұл жағдайда фунция заңнамалық түрде мемлекеттік органның құзыретінен шығарылып, бәсекелес ортаға беріледі", - деді ол.

Ішінара беруге қазіргі уақытта кеңінен қолданылатын аутсорсинг, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік тапсырма арқылы функцияларды іске асыруға беру тәсілдері жатқызылған. Аталған тәсілдер қолданыстағы заңнамамен реттелгендіктен Заң жобасында мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңдарға және Қаржы кодексіне сілтеме нормалар көзделген.

Бұдан басқа, Заң жобасында бәсекелес ортаға Денсаулық сақтау министрлігінің азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттану дәрежесін айқындау бойынша функциясы беріледі. Қазіргі кезде функцияны Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырып келедi. Объективтілікті қамтамасыз ету мақсатында аталған функцияны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдарға беру ұсынылады. Заң жобасында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске түзетулер енгізу көзделген.

Осылайша, Заң жобасында Қазақстан Республикасының 3 кодексіне және 4 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізiлмек.

Қорытындылай келе, министр бұл түзетулер бәсекелестік ортада мемлекет үшін қатысы жоқ функцияларды жүйеге көшірудің құқықтық негізін құруға мүмкіндік беретінін атап өтті; шешімдер қабылдау үдерісіне азаматтардың қатысуын арттыру, соның ішінде өзін-өзі реттеуді дамыту; азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру; сондай-ақ, қоғам мен қоғам алдындағы міндеттемелерді жоғары сапалы орындау үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын мемлекет пен бизнестің ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру екенін айтып өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: