Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру оны бұзу деректерін төмендетуге мүмкіндік берді

aikyn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2018 23:23 aikyn.kz
Соңғы жылы толығымен электронды үлгіге тағы да 90 қызмет көшірілді, бұл Реестрдегі жалпы санының 60,6% құрады.

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алаңындағы өз сөз сөйлеуінде Агенттіктің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаментінің директорны Ильдар Үйсімбаев әңгімеледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Өз сөзінде Ильдар Үйсімбаев Агенттіктің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы мемлекеттік органдармен сақтау бойынша қызметінің нәтижелерін, оның процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар туралы айтып өтті.

«Соңғы жылы толығымен электронды үлгіге тағы да 90 қызмет көшірілді, бұл Реестрдегі жалпы санының 60,6% құрады. Бұл өз кезегінде, 2017 жылы барлық мемлекеттік қызметтердің 73% электронды үлгіде және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуіне әкелді және бұл салады тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты біршама азайтуға мүмкіндік берді» - деді Үйсімбаев.

Аталған бағыттағы азаматтық қоғам институттарының рөлі айрықша атап өтілді. Агенттіктің қоғам өкілдерімен «жасырын сатып алушы» тәсілімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау жүргізу бойынша бірлескен жұмысы қызметтер көрсететін ұйымдар мен мемлекеттік мекемелерде 395 бұзушылық анықтауға мүмкіндік берді.

Қызмет алушыларға лайықсыз кеңес беру, жұмыс кестесін сақтамау, ақпараттық стендтер болмауы, қызмет алу үшін негізсіз төлемдер талап ету жекелеген деректері анықталды.

Ағымдағы жылдың 5 айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу жөніндегі 465 тармағы бойынша 138 әкімшілік іс соттармен қолдау тауып, 5,7 млн теңгеден астам сома айыппұл салынған. Ең көп бұзушылықтарға ауылшаруашылық, денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы қызметшілері жол берген.

Үйсімбаевтың айтуынша, электронды үлгіде қызмет көрсету арқылы қызмет көрсетушінің қызмет алушымен тікелей байланысын барынша жою бойынша белсенді жұмыстың арқасында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу деректерінің төмендеуі байқалады (2016 – 13,4 мың, 2017 жылы 3,1 мың дерек).

Осы мақсатта Агенттікпен мемлекеттік органдармен бірлесе ұдайы түрде қызметтерді электронды түрде алуды дәріптеу бойынша шаралар қабылануда.

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанда республика бойынша «электронды үкімет» порталымен жұмыс жасау дағдыларына оқыту бойынша өткізілген 2,5 мыңнан астам практикалық сабақтарда 270 мыңнан астам азамат оқытылып, 500 мыңға жуық ЭЦП берілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін реттейтін бірыңғай құжат қабылдау мәселесі маңызды болып қала бермек.

Бүгін, құқық қолдану тәжірибесі заңнамалық тұрғыдағы мәселелер бар екендігін куәландырады.

Агенттікпен 2017 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттеуші құқықтық актілер арасында 180-нен астам сәйкессіздік анқыталды, бұл қызмет алушылардың құқықтарын бұзуға тәуекелдерді жасайды.

Бұл ретте, талдау мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді реттеуші стандарттар, регламенттер мен салалық ережелердің бір-бірін 60% қайталайтындығын көрсетеді.

Аталған шара қызмет берушілерге де қызмет алушыларға да ақпаратты қабылдауды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап Астана қаласында елорда әкімдігімен бірлесіп тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюға, жаппай сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыруға, мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыруға бағытталған «Астана-адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда.

«Жайлы орта» жобасының бірінші мақсаты азаматтармен қызметтерді алу барсында кедергісіз және жайлы жағдайларды құруға бағытталады.

Жобалық кеңсемен денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, миграция, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары салаларында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртіптеріне талдау жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша ұсынымдар жасалған.

Әлеуметтік қорғау саласындағы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі бойынша мәселелерді қарау нәтижесінде, қызмет алушы туралы анық мәліметтерді көрсету бөлігіндегі бағдарлама өзектендірілді.

Астана қаласында 86 мың зейнеткер және 22 мың мүгедектер қызмет алушылар болып табылады.

Жалпы елімізде жылына 2 млн. зейнеткер және 500 мыңнан астам мүгедектер әлеуметтік қорғау органдарына жүгінеді. Әлеуметтік әлсіз тұлғалар санатының бөлігі тоқсан сайын әлеуметтік қорғау органдарына қызмет алу үшін жүгінеді. Базаларды біріктіру әлеуметтік қорғау саласындағы барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер түрін жедел және сапалы түрде көрсетуге себептесті.

Базаларды түзету әлеуметтік қорғау органдарының қызметшілерімен тікелей байланыссыз жұмыс берушілермен шетел жұмыс күшін тарту бойынша қызметтерді алуға, яғни электронды үкімет порталы арқылы автоматты түрде алуға мүмкіндік берді.

Осы ретте, аталған жобаның оң тәжірибесін тарату мақсатында жалпы Агенттікпен бүгінгі күні оның тетіктері және тәсілдері еліміздің барлық өңірлеріне трансформациялануда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: