Алматыда салық төлемегендердің банк карталары бұғатталатын болады
Stan.kz
Өз кезегінде салықшылар салықтық берешегін төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға маусым айының соңына дейін қарызын төлеуі керек екенін ескертті.
Алматыда салықтық қырызы бар тұрғындардың банк карталары бұғатталып, мемлекет аумағынан шығуына шектеу қойылады. Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.
Бүгінгі таңда қала тұрғындарының мүлік және көлік салығы бойынша берешегі 5 миллиард теңгеге жетіпті. Ал салық төлеуден жалтарып жүргендер саны 153 мыңды құрайды екен. Бүгінде олардың 12 мыңының карталарына уақытша шектеу қойылған.
«Бұл шара өзінің тиімділігін көрсетті. Яғни бұл жерде салыққа берешегі бар азаматтар өзінің карталары арқылы банктік операциялар жасай алмайды. Мысалы жалақысын ала алмайды. Немесе әр түрлі аударымдар жасай алмайды. Ол үшін ол азамат банк есепшоттары бұғатталғаннан кейін сот орындаушыға хабарласады. Салық берешегін төлейді. Одан бөлек, сот орындаушының атқарған қызметі үшін салық соммасынан 25 пайыз көлемінде қосымша төлем жасайды»,-деді Алматы қаласы Медеу ауданы мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Түменбаев.
Өз кезегінде салықшылар салықтық берешегін төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға маусым айының соңына дейін қарызын төлеуі керек екенін ескертті. Керісінше жағдайда іс сотқа жіберіліп, қатаң шара қолданылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript