Жаңалықтар тізбегі
0

Квазимемлекеттiк сектордың сыртқы борышы бақылауға алынды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2018 18:50 Baq.kz
Алдыңғы жылмен салыстырғанда рейтинг 6 сатыға жақсарды - Бақыт Сұлтанов.

Бүгiн ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мемлекеттік және квазимемлекеттік борыш мәселесiне тоқталды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Мемлекеттік және квазимемлекеттік борыш мәселесiне келсек, мемлекеттік борыш ЖІӨ-ге шаққанда 26% құрады. Дүниежүзілік экономикалық форумның соңғы есебі бойынша Қазақстан «Мемлекеттік борыш» көрсеткіші бойынша 137 мемлекеттің арасында 11 орынды иеленді. Алдыңғы жылмен салыстырғанда рейтинг 6 сатыға жақсарды. Бұдан әрі де қарыз алуда валюталық тәуелділікті болдырмау үшін бюджет тапшылығын қаржыландыру саясаты ұлттық валюта мен ішкі ресурстарға бағытталады. Квазимемлекеттік сектордың да сыртқы борышы бақылауға алынды. Биылғы жылдан бастап олардың борышын Қаржы министрлігі қадағалайды», - дедi Бақыт Сұлтанов.

Атап өтсек, бүгiнгi отырысқа ҚР Премьер министрi Бақытжан Сағынтаев, Конституциялық кеңес, Жоғары сот пен Орталық сайлау комиссия төрағалары, Үкiмет мүшелерi, республика президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган басшылары, Президент әкiмшiлiгi, Премьер-министр кеңсесiнiң қызметкерлерi мен БАҚ қатысып отыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: