Жаңалықтар тізбегі
0

Шөкеев: Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші оң сипатқа ие

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2020 23:54 gov.kz
Экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға артқан.

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының кезекті елу екінші сессиясы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Күн тәртібінде 6 мәселе қаралған сессия жұмысына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, облыс әкімдігінің мүшелері, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы, мемлекеттік орган басшылары мен қала, аудан әкімдері және мәслихат хатшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аймақ басшысы жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша 2020 жылдың 7 айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

"Жыл басынан бері облысымыз күрделі жағдайда дамып келеді. Оған қарамастан, биылғы жылдың 7 айында облыстың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болып отыр. Экономиканың басты көрсеткіші саналатын жалпы өңірлік өнім көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға артқан. Өсім қарқыны осы деңгейде сақталады деп жоспарлануда",-деді Өмірзақ Естайұлы.

Өңірде 3000-нан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 53 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде 33 жоба іске асырылып, қазіргі таңда 750 жұмыс орны ашылған. Нәтижесінде облыста өнеркәсіп өнімі де артып келеді. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында, облыста сондай-ақ, 9 индустриалдық аймақ құрылған. Оның ішінде 7 индустриалдық аймаққа инфрақұрылым тартылған. Облыстың барлық бағыттағы даму қарқынына жеке-жеке тоқталып, баяндама жасаған аймақ басшысы өңірде кәсіпкерліктің де өте жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті. Бүгінде облыста 142 мыңнан астам шағын және орта бизнес субьектілері бар. Кәсіпкерліктің дамуы жағынан Түркістан облысы республика көлемінде бірінші орынға ие.

Облыс әкімінің айтуынша, бұл тұста "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасы үлкен қолғабыс болып отыр. Өңірде 447 әлеуетті жобалар дайындалып, республикалық комиссия қарауына жолданған. Оның ішінен 26 миллиардтан астам теңгені құрайтын 221 жоба қаржы институттарымен қаржыландырылуда.

"Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты халыққа арнаған жолдауында айтылған ауқымды мәселелердің барлығы еліміздің экономикалық өсімі мен тұрмыстық әл-ауқатының жақсаруына бағытталған. Осы орайда, бүгінгі таңда ҚР Үкіметі тарапынан бекітілген Жалпыұлттық іс-шара жоспары басшылыққа алына отырып, Түркістан облысында іс-шара жоспары әзірленуде. Жолдауда көрсетілген барлық тапсырмалар жүйелі түрде орындалатын болады", – деді облыс басшысы Өмірзақ Естайұлы.

Күрделі кезеңде облысты дамытып, көркейту жұмыстары тоқтамақ емес. Мәслихат сессиясында өңірде алдағы уақытта атқарылуы тиіс ауқымды шаралар барысы айтылып, тың серпін берер шешімдер қабылданды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: