Маңғыстауда ер адам 15 жастағы қызды алып қашып кетті

Stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.06.2018 21:45 Stan.kz
Оқиға сәуір айының соңында болды.

Маңғыстауда Шетпе ауылының тұрғыны кәмілетке толмаған қызды алып қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға сәуір айының соңында болды. Алайда полицейлерге бұл жайлы енді ғана белгілі болып отыр.

21 жастағы жігіт 15 жастағы ауылдас қызын алып қашып кетті. Ер адамның жас қызбен төсек қатынасында болғаны анықталды.

Күдіктіге қандай шара қолданылатыны белгісіз. Заңгерлердің айтуынша, кәмілетке толмаған қызбен жақын қатынасқа түсу қылмыс саналады. Одан бөлек кәмілетке толмаған қызбен үйленуге ешкім рұқсат бермейді.

Қажетті жағдайда, мәселен қыз жүкті болса ғана, 16 жастағы қызбен заң жүзінде үйленуге болады.

Заңда лесбияндықпен айналысқандардың, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түскендердің 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылатыны немесе 6 айға дейін қамақта болатыны, тіпті 5 жылға дейін сотталуы мүмкін екені жазылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: