Жаңалықтар тізбегі
0

Сүт безінің қатерлі ісігін болдырмау тәсілі анықталды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2018 17:37 Baq.kz
Барлығы 77 жағдайда сүт безі рагы тіркелген.

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуге сәйкес D дәрумені сүт безі қатерлі ісігі тәуекелін төмендететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері EurekAlert сайтында жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылар 2002-2017 жылдары 3325 әйел қатысқан екі рандомизацияланған бақылау сынағы мен қан құрамында D тобына жататын дәрумендерінің көлеміне қарай топтастырылған 1713 ерікті қатыстырылған топтық зерттеудің нәтижелерін сараптамадан өткізді. Жасы 55-тен асқан әйелдердің барлығының дені сау болған және ғалымдар төрт жыл бойы олардың денсаулығын бақылап отырған.

Барлығы 77 жағдайда сүт безі рагы тіркелген. Анықталғандай, қан құрамында D тобына жататын дәрумендер көп болғандардың қатерлі ісікке шалдығу қаупі қан құрамында 1 милилитрге шаққанда 20 нанограммнан аз дәрумен бар адамдардан бес есе төмен болған.

Зерттеушілердің айтуынша, зерттеу нәтижелерін эпидимиологиялық мәлімметтер толықтырып отыр. Оларға сәйкес D дәруменінің ағзадағы жетіспеушілігі мен егде жастағы әйелдердің сүтбезі рагына шалдығуы арасындағы байланыс байқалуда. Ағзадағы дәруменнің қажетті көлеміне қол жеткізу үшін диеаталық қосымшаларды және 4-6 мың халықаралық дана (ХД) тамақты тұтыну керек. D дәрумені үшін бір халықаралық дана 0,025 микрограммға пара пар. Бұл көлемді күнделікті күн көзіне 10-15 минутқа шығу арқылы азайтуға болады.

Бұған дейін D дәруменінің ұсынылатын көлемі күніне 600-800 ХД болған. D дәруменінің қауіпсіз межесін арттырған жағдайда жүрек айну, іш қату, салмақ тастау, жүрек соғысының бұзылуы мен бүйрекке зақым келтіру қаупі артуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: