Ким Чен Ын Қытайға ресми сапармен барды
Sputniknews.kz
Бұл Ким Чен Ынның Қытайға үшінші сапары. Солтүстік Корея мен ҚХР басшылары КХДР-АҚШ саммитінің нәтижесін талқылайды.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу үшін Қытайға барды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ким Чен Ын Бейжіңге "Корё" солтүстіккореялық мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 үкімет ұшағымен аттанған, деп жазады РИА Новости.
Ким Чен Ын Си Цзиньпинмен ҚХДР және АҚШ саммиті аясында болған АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудің нәтижелерін талқыламақ.
АҚШ және Солтүстік Корея басшылары Дональд Трамп пен Ким Чен Ын 12 маусымда Сингапурде тарихта алғаш рет саммит өткізген болатын. Кездесу нәтижесінде Пхеньян ядролық қарудан бас тартса, АҚШ ҚХДР қауіпсіздігіне кепілдік беруге уағдаласты.
Бұл – ҚХДР басшысының Қытайға үшінші сапары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript