Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккендер өтемақы алады

24.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.06.2018 17:29 24.kz
ҚТЖ қаза болған баланың отбасына 2 миллион теңге, ал зардап шеккен азаматтарға 500 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін өтемақы төлейлі.

Үкіметтің бүгінгі отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысындағы «Сары-Шаған-Шу» учаскесінде Астана-Алматы бағыты бойынша № 9 жолаушылар пойызының апатқа ұшырауына байланысты бірқатар тапсырмалар берді деп жазады Zakon.kz.

Сегіз вагон рельстен тайып кеткен, екеуі бүйіріне қарай еңкейген. Апат салдарынан 23 адам зардап шекті, өкінішке орай адам шығыны бар. Бір жолаушы Шу қаласының ауруханасына жатқызылды. Оның мұрны сыңған. Алматы-1 темір жол вокзалында барлық жолаушыларға медициналық көмек көрсетілді. Көз жұмған баланың отбасына жан-жақты көмек беріліп жатыр, зардап шеккендерде назардан тыс қалмады, -деп түсіндірді Қанат Алпысбаев.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген төлемдерден басқа «ҚТЖ» ҰК 1000 АЕК көлемінде қаза болған баланың отбасына төлемек. Ол шамамен 2 миллион 405 мың теңге болады. Сондай-ақ, зардап шеккен жолаушыларға, денсаулыққа келтірілген залалдарының ауырлығына қарай 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін бөледі.

«ҚТЖ» ҰК »АҚ апаттың салдарын жою үшін іс-қимылдарды үйлестіру операциялық штабын құрды деді ұлттық компанияның басшысы.

Өз кезегінде ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр вагондардың рельстен шығып кетуіне байланысты, агенттік әрбір участкені қатаң бақылайтының жеткізді.

Сары-Шаған-Шу учаскесінде қарапайым пойыздардан бөлек, жылдам пойыздар күнделікті жүріп тұрады. Осыған байланысты біздің министрлік тиісті қызметтердің жоғары жылдамдықты бөлімшелерін диагностикалауды уақтылы жүргізуге тұрақты мониторинг жүргізіп отырады. Рәсімге сәйкес, мұндай тексерулер айына екі рет жүргізіледі, соңғы диагностика 6 маусымда жүргізіліп, жолдың техникалық талаптарға сай келетінің көрсетті- деді Скляр.

Р.Скляр атап өткендей, осы пойыздың барлық вагондары 2012-2014 жылдары шығарылған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: