Алматыда алаяқ риелтордан зардап шеккендер іздестіріліп жатыр
Алматы қаласы Түркісіб ауданының Ішкі істер басқармасы 1975 жылы дүниеге келген азаматша Бекжігітова Салтанатқа қатысты бірқатар қылмыстық істерді тексеріп жатыр. Ол 2013 жылдан 2018 жылдың сәуір айы аралығында Алматы қаласы аумағында жылжымайтын мүлік саласында алаяқтық әрекеттер жасаған, деп хабарлайды BNews.kz Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол азаматтарға келісілген сомаға тұрғын үй мен жер учаскелерін алу үшін көмектесуге уәде берген.
Қазіргі уақытта құзіретті орган өкілдері азаматша Бекжігітовадан зардап шеккен болуы ықтимал азаматтарды анықтап жатыр және олардан бірден төменде көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 298-54-00; 298-54-01; 298-54-02; 8-778-000-86-17 және 8-777-666-60-04.