Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды

yaplakal.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2018 15:19 yaplakal.com
Коммуналдық апат салдарынан 10 көпқабатты үй мен орта білім беру мектебі суық сусыз қалды.

Павлодар қаласында диаметрі 1200 мм болатын кәріз коллекторындағы апат салдарынан жергілікті маңыздағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Коммуналдық апат салдарынан 10 көпқабатты үй мен орта білім беру мектебі суық сусыз қалды. Нақтырақ айтқанда, Усолка шағын ауданындағы Майры, Бекқожин, Ткачаев көшелерінің бойындағы үйлер тіршілік нәрінен бір тәулікке ажыратылды.

Павлодар қалалық әкімдігі төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі бөлім басшысының міндетін атқарушы Асқар Байсейітовтің мәліметінше, аталмыш коллекторлық кәріз 46 жыл бойы үздіксіз қолданыста болған. Жарты ғасырға жуық уақыт бойы бірде бір рет жөндеу көрмеген. Апаттың орын алуына желінің тозуы себеп.

«Қазіргі уақытта апаттық бригада зақымданған учаскені нәжістен тазартты. Сонымен қатар, құбырдағы ақау орнына диаметрі 1000 мм болатын металл материалымен қапталды. Кәріз желісінің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында қосымша сору станциясы іске қосылды. Сонымен қатар, нысандарға су беру үшін қосымша сору құрылғысы орнатылды. Жауапты мекеме мен жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілдері төтенше жағдайды жою мақсатында есептеу шараларын жүргізуде», - деді Асқар Байсейітов.

Айта кетейік, коммуналдық апат Ломова-1 Мамыр көшелерінің қиылысында жүргізіліп жатқан жоспарлы жөндеу жұмыстары барысында анықталды. Мамандардың айтуынша, ақау уақытында анықталмаған жағдайда коллектор ішіндегі сұйықтық сыртқа ағып кетер еді. Алдағы уақытта 87 метрлік коллекторды жөндеу бойынша шешім қабылданады.

Еске сала кетейік, былтырғы жылдың соңында Ақсу қаласындағы кәріз жүйесінде апат болып, шаһарда техногенді сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Кәріз коллекторының бір бөлігі шыдас бермей, жарылып кеткен. Ал құбырдағы сұйықтық 1,5 шақырымға дейін ағып кеткен. Бұл инженерлік жүйе өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері жөндеу көрмеген. Кәріз қаладан 25 шақырымдық жерде орналасқан. Айта кетейік, Ақсудағы кәріз жүйелерінің барлығының тозығы жеткен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: