Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда коммуналдық апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланды

кран, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 00:25 Сурет: pixabay
Оралда жылу мен су құбырында апат болып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Енді 3,5 мың отбасы жаз бойы ыстық сусыз отырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, әлі 10 жыл болмаған жаңа ықшамауданның коммуналдық желісі жарамсыз болып қалған.

Оралдың шетіндегі Зашаған кентінің құрылысы осыдан 10 жылдай бұрын басталған. Содан бері мемлекеттік бағдарлама бойынша көпқабатты үйлер көптеп салынған, бірақ жаңа ықшамауданның коммуналдық жүйесінде 2 жыл бұрын ақаулар пайда болған. Ай сайын құбыр жарылған.

Осы қыста жылу құбыры 50 жерден жарылып, бүтін кент жылусыз қала жаздаған. Әкімдік енді техноген сипаттағы төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болған. Осылайша, 2,5 шақырымдық құбыр желісін жаңалайды.

Шенеуніктердің сөзінше, кенттегі желіні жаңартуға жарты миллиард теңгедей ақша керек. Осы қаржыға құбыр жүргізетін мердігер іздеп жатыр. Жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтауға тиіс. Әкімдіктегілер коммуналдық желіні тарту үшін о баста дұрыс жоспарламағанын да мойындаған. 

"Бұл жүйелер болаттан жасалған еді, бірақ лоток ішіне орналасқан. Жылу жүйелері сәйкесінше лотокқа су жиналу фактіге байланысты біздің болат материал көпке шыдамай қалып тұр. Тек 10 жылға төзді".Орал әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: