Циркте өнер көрсететін аңдарды екі апта көлікке қамап кеткен
sputniknews.kz
Арыстанның күшігі мен екі пудель мүшкіл хәлде табылды.
Челябинск қаласында арыстанның күшігі мен екі пудель екі апта бойы көлікте қамауда болған. Оларды мүшкіл хәлде жануар қорғаушылар тауып алды деп жазады sputniknews.kz.
Пудельдер алдыңғы орындықта, ал арыстанның күшігі кішкентай торда болған.
"Арыстанның күшігі, шамамен, жеті айлық. Екі аптадай қамауда болыпты. Көліктің терезесін сәл ашық қалдырған, сасық иіс мүңкіп тұр", — дейді "Спаси меня" жануарларды қорғау қорының президенті Карен Даллакян.
Даллакянның сөзіне сүйенсек, қорғаушылар жануарларды иелерінен тәркілеуді талап етпек. Кейінірек анықталғандай, Қазақстанға гастрольге бармақ болған цирк әртісі аңдарды көлікке тастап кетіпті.
"Таңертең иесі тағы екі итпен келіп, арыстанға тамақ берді, иттерді далаға алып шықты. Челябинск қаласында ветеринарлық жөнелтпе құжаттарды ресімдеумен айналысады", — деп жазды Даллакян жеке парақшасында.
"Қамаудан" бостылған аңдар жануарлар үйіне тапсырылыпты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript