Астанада көлік жөндеу орталықтарының бірінен арыстанның күшігі табылды

Арыстанның күшігі, Астана, абдан, көлік жөндеу орталығы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2025 17:23 Сурет: pixabay
Астанада көлік жөндеу орталықтарының бірінің қосалқы бөлмесінен арыстанның күшігі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз ұсталған арыстанның күшігін анықтады.

"27 жастағы астаналық азамат жабайы жануарды осы арада ұстаған. Қазіргі таңда абдан тәркіленіп, жақын арада зообаққа жіберіледі. Аталған факті бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлармен заңсыз айналысу бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Түркістан облысында полиция көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтағанын жазғанбыз. Олардың арасында Африка елінің азаматтары да бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: